Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе саммитінің қорытындылары өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді
10.10.2025 11:54
Сейчас читают: 0

Фото: Акорда
Мемлекет басшысы Ауғанстандағы ахуал өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың ажырамас бөлігі болып қала беретінін атап өтті. Президент бұл елді өңірдегі экономикалық үдеріске тарту бойынша үйлестірілген жұмысты жалғастыру қажеттігін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында Душанбе саммитінің қорытындылары Ресей мен Орталық Азия елдерінің тұрақтылығы мен өркендеуі жолында өңірлік ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.