Шығыс Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтіп жатыр
Бүгін Шығыс Қазақстан облысында Құрылтай депутаттарының сайлауына дауыс беру өтуде. Өңірдегі барлық 534 сайлау учаскесі сағат 7:00-де жұмысын бастап, сайлаушыларды жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін қабылдайды.
Сайлаушылар тізіміне облыстың 485 873 тұрғыны енгізілді. Өңірдегі саяси партиялық құрылымды саяси партиялардың 7 филиалы ұсынады.
Дауыс беру барысы мен тәртіптің сақталуын 3 мыңнан астам бақылаушы қадағалап отыр. Олардың ішінде 10-ға жуық халықаралық өкіл бар.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов №1193 сайлау учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы сайлау учаскесіне әкесі, жұбайы және балаларымен бірге келді.
Өңір басшысы Шығыс Қазақстан тұрғындарының дәстүрлі түрде жоғары азаматтық жауапкершілік танытатынын атап өтіп, бұл күні де әр сайлаушы өз таңдауын саналы түрде жасайтынына сенім білдірді.

