Тәжікстандық ОСК басшысы: «Қазақстандағы референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылған»
Вчера в 14:17
Қазақстанда өтіп жатқан республикалық референдумға халықаралық бақылаушылар да қатысуда. Солардың қатарында Тәжікстан Республикасының Орталық сайлау және референдум комиссиясының төрағасы Худоёрзода Бахтиёр бар.
Ол Қазақстанға ТМД, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Парламентаралық ассамблея және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының миссиясы құрамында келгенін айтты.
Бақылаушының пікірінше, референдумды ұйымдастыру үшін ауқымды және жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізілген. Учаскелік және аумақтық комиссия мүшелері референдум өткізудің барлық кезеңдері бойынша арнайы дайындықтан өткен.
Сөз соңында ол Қазақстан халқына бейбітшілік, бірлік пен тұрақты даму тілейтінін жеткізді.

